Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан — Бішкек рейсін қайта бастайды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Air Astana әуе компаниясы жақын арада Қазақстан мен Қырғызстанның астаналары арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды, — делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиология талабын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.