Нұр-Сұлтан әуежайында 20-дан аса рейс кешігіп жатыр

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бүгін түнгі сағат 02.30-дан бастап ұшу-қону жолақтарын тазарту үшін астана әуежайы уақытша жабылды. Соған орай ұшуы тиіс 12 рейс және қонатын 9 рейс кешіктірілді (қосалқы аэродромға жіберілді), — делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 9.00-де ұшатын рейстер үшін ашылды.   

Ведомствоның хабарлауынша, қалыптасқан жағдайға байланысты жолаушылар әуе компанияларының анықтама қызметтеріне хабарласып отырғандары жөн.

Кешіктірілген рейстер:

KC956, Алматы
FZ 1706, Дубай
КС 921 Франкфурт
КС 407 Шымкент
DV 741 Ақтау
КС 207 Дубай
КС 981 Атырау
КС 622 Алматы
КС 7315 Қызылорда
SU 1957 Москва
КС 123 Ташкент
КС 977 Ақтөбе.

Кешіктірілген ұшып келу рейстері:

IQ 386 Қарағанды
DV 722 Ақтөбе
КС 984 Атырау
КС 7328 Шымкент
КС 314 Ақтау
КС 138 Санкт Петербург
FZ 1705 Дубай
SU 1956 Москва
КС 918 Алматы

Кешіктірілген рейстер Air Astana, FlyArystan, Qazaq air, Fly Dubai, SCAT, Aeroflot әуе компанияларына тиесілі.