Тоқаев Бейжіңге жұмыс сапарымен барды

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Ертең мемлекет басшысы XXIV қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, — деп жазды Берік Уәли.

5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді.

Тоқаев, Қытай
Фото: Берік Уәли

Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады.