Nur Otan саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді

Партия мәліметінше, саяси кеңестің қаулысымен бюроның жаңа құрамы бекітілді:

  1. Қасым-Жомарт Тоқаев — Қазақстан Республикасының президенті, партия төрағасы;
  2. Мәулен Әшімбаев — Парламент Сенатының төрағасы;
  3. Ерлан Қошанов — президент әкімшілігінің басшысы;
  4. Ерлан Саиров – Мәжіліс депутаты;
  5. Дархан Қыдырәлі — «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы;
  6. Аббат Өрісбаев — Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты;
  7. Ләззат Қалтаева — Сенат депутаты;
  8. Геннадий Зенченко — «Зенченко және К» КТ директоры;
  9. Элина Паули — «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары.

Айта кетейік, саяси кеңес бюросы — партияның басқару органы. Бюро съездер мен саяси кеңес отырыстары аралығындағы партия жұмысына басшылық жасайды, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді қарайды.