Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақытылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды. Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз,- делінген хабарламада.
Министрдің мәліметінше, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн — 100 сұрақ» бірлескен жобасы басталды.
Әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электронды поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын, — деп жазды министр.
Денсаулық сақтау министрлігіне келесі байланыс тетіктері арқылы арыз-ұсыныс жолдауға болады:
- электронды пошта — [email protected];
- ресми сайт — https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru;
- әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар — https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link; https://www.facebook.com/MinzdravRK