Мемлекет басшысы «Орталық Азия — Үндістан» саммитіне қатысады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жиынға Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді. Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің декларациясы қабылданатыны күтіледі,- деп жазды Берік Уәли.