Ренат Гайсин Алматы қасіретіне арнап ән жазды

Қайғылы оқиғалар кезінде шынымен жыладым. Көз жасы әнге айналды. Содан кейін достарым Мәлік Хасенов пен Алексей Маклайға болған оқиғаны жеткізетін ән жазу үшін қоңырау шалдым. Біздің достарымыз Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева видеоклип түсіруге ұсыныс тастады. Динаямен бірге орындадық. Шынымды айтсам, ән жазу кезінде жиі тоқтата тұруға тура келді. Өйткені бұл әнді орындау өте қиын болды, — деді Ренат Гайсин.

Композитор бұл жолы арнау алғашқы нотадан-ақ дүние келгенін айтты.

Алматыны жер бетіндегі үздік қала деп білемін. Бұл — еліміздің бесігі. Бұл — мен тұратын қала. Бұл қалада тумасам да, жастық шағымды осы жерде өткіздім. Мен үшін бұл туған қалама айналды. Бұл композитордың жүрегінен шығуы керек ән екенін түсіндім. Шын мәнінде, бұл — бүкіл халқымыздың қасіреті, қайғысы, — деді РЕНАТ ГАЙСИН.

Клип продюсері Дәуіт Шайхисламовтың айтуынша, жаңа әуен қазақстандықтардың ортақ қолдауын, жанашырлығын көрсетеді.

Қазақстандықтармен бірге болған жағдайлардың жауапкершілігі мен ауыртпалығын түсінеміз. Бүкіл шығармашылық топ өз жұмысын қаңтар трагедиясында қайтыс болған отандастарды еске алуға арнады. Қымбатты достар, бір-біріңізге қамқор болыңыздар, — деді Дәуіт Шайхисламов.