Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия–ҚХР» саммитіне қатысады

Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды.

Көшбасшылар түрлі сала бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды, — деп жазды Берік Уәли.

Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.