Алматыда жаңа ғимараттардың биіктігі қалай шектеледі?

Оның айтуынша, құрылыстың жаңа ережелері былтыр тарихи орталықтың сақталуын ескере отырып қабылданды.

Абайдан жоғары әл-Фараби даңғылы мен Жандосов көшесіне дейінгі, Шығыс айналма жолынан Саин көшесіне дейінгі учаскелердегі тұрғын үй ғимараттарының биіктігі шектеледі. Сонымен қатар тау баурайларында аз қабатты тұрғын үй кешенін салуға тыйым салынады, — деді ол.

Осыған байланысты көрсетілген аудандардағы ғимараттар биіктігінің шекті параметрлерін 5 және 9 қабаттан аспайтын етіп салу ұсынылады.

Мұхит Әзірбаев қазіргі уақытта қалада 1930-1975 жылдары салынған, пайдалану мерзімі өткен 1 427 екі қабатты үй бар екенін, онда 60 000-нан астам қала тұрғыны тұратынын айтты.

Оның сөзінше, 6 637 пәтері бар 708 ескі үйді бұзу және 34 605 пәтерден тұратын 683 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.