Әнуар Жанғозин «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы болды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Математика» мамандығы бойынша және «Назарбаев университетінің» магистратурасында «Білім беруді басқару» мамандығы бойынша білім алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

2008-2011 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтандағы «Назарбаев зияткерлік мектебінде» математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы болды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.