Әнуар Жанғозин Нұр-Сұлтан білім басқармасы басшысы қызметінен кетті

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасына жазып, қызметі кезінде жүзеге асырған жобалары мен жұмыстарын еске түсірді.

Бүгін қалалық білім бөлімінің басшысы ретіндегі жұмысымды аяқтаймын. 3 жыл ішінде көптеген күрделі және ауқымды жұмыс атқарылды. Өз саламдағы кәсіби мамандармен, пилот жобалармен және біздің жұмыс істеуге және жерлестеріміздің түрлі мәселесін шешуге үлес қосқаныма қуаныштымын, — деп жазды Әнуар Жанғозин.

Әнуар Жанғозин Нұр-Сұлтан білім бөлімінің бастығы қызметін 2017 жылдың тамыз айынан бастап атқарды.