Қазақстаннан тәртіпсіздіктер кезінде 64 мыңнан аса адам кетіп қалды

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы 4-12 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеген, 64 048 Қазақстан азаматы елден кеткен.

Тәртіпсіздіктерге байланысты 2022 жылы 6-12 қаңтар аралығында Алматы әуежайынан халықаралық рейстер орындалмады. Құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өткізу Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен карантин шектеулері кезеңінде шекарадан өту тәртібінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.