Берік Беркімбаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болды

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, — делінген жарлықта.

Бұл қызметтен Марат Дәуешов босатылды.

Еске салайық, 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Анар Жайылғанова қызметінен босатылып, орнына Дархан Жазықбаев тағайындалған еді.