Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдеді

Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірге дейін Алматыда төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 71 материал қаралды.

Алматы аумағында сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат кезінде себепсіз көшеге шыққан қала тұрғындары Алматы полициясының қызметкерлеріне ұсталды. Бірінші сатыдағы сот барлық тәртіп бұзушыларға айыппұл салды.

Бірінші сатыдағы сот тәртіп бұзушыларға айыппұл салды.

Апелляциялық сот алқасы материалдарды қарап, аталған тұлғалардың барлығы өз кінәсін мойындағанын, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын анықтады. Олар жасаған ісіне өкініш білдіргендіктен жазасы жеңілдетілді, — деді қалалық сот.

Осы мән-жайды ескере отырып, сот аталған заң бұзушылардың барлығына жазаны жеңілдетіп, ескерту түрінде қалдырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да