Басты бетҚоғамҚанат Таймерденов...

Қанат Таймерденов Алматы әкімінің кортежіне жасалған шабуыл туралы айтты

Қанат Таймерденовтің айтуына қарағанда, қаруланған адамдар қала көшелерінде бей-берекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды, дүкен сатып алушылары мен көліктерін беруден бас тартқан жүргізушілерді өлтірген.

Осындай жағдайда 6 қаңтар күні режиссер Сәкен Битаев өлтірілді. Сол күні кешкі тоғыз жарым шамасында Алматы әкімдігінің жанында әкім Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне де оқ жаудырылды. Қастандық салдарынан «Алматы» телеарнасының қызметкері қаза тауып, тағы үш адам, оның ішінде әкімдіктің екі қызметкері жараланды, — деді Қанат Таймерденов.

Полиция департаментінің бастығы бұл әрекеттер ұйымдастырылғанын айтады.

Биліктің беделіне нұқсан келтіру үшін қылмыскерлер полицейлер мен әскери қызметкерлердің киімін киіп алған, — деді ол.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы толқулар кезінде 149 адам қаза болған

Қанат Таймерденов: Шабуыл жасалған кезде өзім полиция департаментінде болдым