Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.
Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды басқарды, Атырау облысы әкімдігінің құрылымында қызмет етті.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
Еске салайық, бұған дейін саясаттанушы Ербол Еділов Маңғыстау облысындағы газ бағасы туралы іс бойынша Жұмабай Қарағаевтың ұсталғанын хабарлаған еді, бірақ ешқандай мемлекеттік орган бұған қатысты ресми түсініктеме бермеді.