Бейбіт Исабаев cенат депутаты болып тағайындалды

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылсын, — делінген президент жарлығында.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Сәуле Айтпаеваның өкілетін тоқтатқанын хабарлаған едік.