Басты бетЖаңалықтарМарат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды

Марат Ирменов Алматы ҰҚКД басшысы болып тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Марат Ирменов тағайындалғанын растады. Ол 2020 жылдың ақпанынан бастап Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін ҰҚК-ның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2016-2020 жылдары ҰҚК-ның Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болды. Бұған дейін Ирменов Алматы бойынша ҰҚК бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.