Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан 18 жастағы жігіт ұсталды

Алматы комендатурасының мәліметінше, қирату, тонау кезінде ұрланған қаруды Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны арнайы қоймада жасырған. Күдіктіні Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Тергеу кезінде жігіт қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады.

Ұрланған мылтықтар карьерлердегі жасырын орында сақталғаны анықталды. Қазір оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.