Алматыға баратын 102 рейс тоқтатылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында хабарланды.

Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі себебі –Алматы әуежайының жабылуы,- делінген хабарламада.

«Эйр Астана» мен «Fly Arystan» әуекомпаниялары 53 рейсті орындауды жоспарлап отыр.

«SCAT» компаниясының екі рейсі ұшпайтын болды. Бұған Ақтаудағы регламент себеп болған. Нұр-Сұлтаннан Ақтауға ұшатын DV-741 нөмірлі рейс 06:50-ге жоспарланған еді, алайда ұшақ тек 08:30-да ұшты. Ал Ақтаудан — Нұр-Сұлтаннан қайта ұшу (DV-742) 10:20-дан 12:00-ге дейін ұзарды.