Комиссия жаңаөзендік белсенділермен газ бағасын төмендету туралы сөйлесті

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, кездесуде өзекті мәселелер, соның ішінде сұйытылған газ бағасын төмендету туралы айтылды. Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады.

Еске салайық, 2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары сұйытылған газ бағасын төмендету туралы талабымен көшеге шықты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға үн қатып, Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Ол Twitter-дегі парақшасында шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екенін де жазды.

Кеше, 3 қаңтарда Үкімет газ бағасын 85-90 теңгеге дейін төмендететінін мәлімдеді.

Ал бүгін, 4 қаңтарда президент тағы да мәлімеде жасады.

Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу жөнінде тапсырма берілді. Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс, — деп жазды Twitter-дегі парақшасында.

Қазіргі уақытта еліміздегі әр аймағында митингілер өтіп жатыр.

Ертең, 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді.