Алматыда жаңажылдық мереке күндері қоғамдық көліктің 50%-і жүреді

Құрметті алматылықтар! Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 06.00-ден 09.00-ге дейін қоғамдық көліктің 50%-і жолға шығарылады. Одан әрі қоғамдық көлік жұмысы мерекелік кестеге сәйкес жалғасады. 2,3,4 қаңтар күндері жұмыс мерекелік күндер кестесіне сәйкес жүргізіледі, — делінген хабарламада.

Ал, 31 желтоқсан күні қаладағы барлық қоғамдық көлік әдеттегідей кестеге сәйкес жұмыс істейді.