Алматыда Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ескерткіш қойылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникация баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында қала әкімі Ыбырай Алтынсариннің мұрасы тек бір халық пен этнос үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін аса құнды екенін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев білім беру саласының қала мен мемлекетті дамытудағы маңызын айтты. Сондықтан Алматыда мұғалімдерді қолдау, жаңа мектептер салу және оқу процесіне инновациялық идеяларды енгізу бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.

Қола мен граниттен жасалған алты метрлік ескерткіштің авторлары Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев.