Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні секундына 15-20 метр күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні секундына 18 метр күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.