«Отбасы банкінің» статусы ұлттық даму институтына өзгерді

«Отбасы банк» акционерлік қоғамының екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарланып отыр, — делінген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ресми хабарламасында.

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында «Отбасы банктің» негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Сол жерге әкімдіктің баспана кезегі тапсырылады. Орталық тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алуды жалғастырады.

Сонымен бірге тізім бойынша баспана береді.

Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктіріледі.

Бұдан бөлек, Отбасы банк облыс әкімдерімен бірлесіп, моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% болатын жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлейді. Оны 2022 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.