Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бірінші үкім мефедрон өндірісін ұйымдастырған 24 жастағы Х. Исламов және 25 жастағы С. Епифанов қатысты болды.
Сот олардың есірткіні бір реттік дозаға бөліп, сату арқылы ақша табуға тырысқанын анықтады.
Полицияның назарына түспеу үшін қылмыскерлер пәтерлерді тәулікке жалға алып отырған. Кейіннен кірісті көбейту мақсатында мефедрон өндірісін ұйымдастырған. Саяжай үйін жалға алып, өндіріске қажетті химиялық заттар мен жабдықтар әкелген. Қылмыскерлер төрт күннен кейін есірткінің бірінші партиясын өндіру кезінде ұсталған, — делінген хабарламада.
Х. Исламов пен С. Епифанов 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екінші үкім Алматының 27 жастағы тұрғыны М. Шевцовқа қатысты болды, ол да мефедрон өндірісін ұйымдастырған.
Айыпталушы атап өткендей, есірткінің алғашқы партиялары дұрыс шықпаған, жасай алмаған. Ол өзінің үйіне жақын жерде пәтер жалдап, екі күн бойы «технологиялық процесті» мұқият сақтай отырып есірткі дайындаған. Тінту барысында өндіруге және өлшеп орауға арналған жабдықтар, сонымен бірге 200 грамм дайын зат тәркіленді, — делінген хабарламада.
Сот отырыстарында Шевцов жеке тұтыну үшін есірткі шығарғанын айтып, жазаны азайтуға тырысқан. Алайда сотқа ұсынылған дәлелдер бұл айғақтарды жоққа шығаруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде Шевцов 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкімдер заңды күшіне енді.
Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтейді.
