Қазақстан дәрігерлері бүйректегі тасты алудың жеңіл әдісін енгізді

Перкутанды нефролитотрипсия бүйректегі тасты алудың алтын стандарты саналады. Бұл — бүйректен ірі және маржандай тасты алудың шағын инвазивті ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілі.

Бұл әдістің ерекшелігі: науқастың денесін тілу талап етілмейді. Бүйректен тасты алу белдің тұсында тесіктер тесу және түтікше өткізу арқылы жасалады.

№2 Ақмола облыстық аурухананың урология бөлімшесінде жоғары технологиялық медициналық қызметтердің келесі түрлері енгізілген: толық нефректомия, лапароскопиялық пластика несеп жолы сегментінің лоханы, Политано летбеттера әдісі бойынша модифицикацияланған уретероцистонеостомия, Блохин бойынша қосымша антирефлюкс механизмі, уретраны қалпына келтіру.

Сондай-ақ осы күні аталған №2 Ақмола облыстық ауруханасында уролог дәрігерлер лапароскопиялық нефрэктомия отасын жасап жатыр. Лапароскопиялық нефрэктомия – бұл бүйректің тіліксіз толық алынып тасталуы.

ДереккөзInform.kz