Елімізде коронавирус пен пневмониядан 3 адам қайтыс болды

18 желтоқсанда екі адам ПТР талдауы (КВИ+) расталған коронавирустан, тағы бір адам ПТР сынамасы теріс (КВИ-)  коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

20 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 721 адам КВИ (17 165 КВИ + және 2 556 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастырып жатыр.

  • 3 413 науқас стационарда,
  • 16 308 науқас амбулаторлық деңгейде.

КВИ + және КВИ- бар науқастардың арасында:

  • жағдайы ауыр — 293 науқас,
    өте ауыр жағдайда — 73 науқас,
    жасанды тыныс алу аппаратында — 58 науқас.