Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдырғандар саны 213 мыңнан асты

Бұл туралы СOVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарланды.

19 желтоқсанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 213 266 адам, ІІ-ші дозасын 41 581 адам салдырды.

Оның ішінде, І-ші компонентімен:

  • жасөспірімдер – 169 430,
  • жүкті әйелдер – 12 665,
  • бала емізетін әйелдер – 31 156.

Ал, ІІ-ші компанентімен:

  • жасөспірімдер – 31 993,
  • жүкті әйелдер – 2 778,
  • бала емізетін әйелдер – 6 808.