Қазақстанда 560 америкалық компания жұмыс істейді

АҚШ – Қазақстан экономикасының екінші ірі инвесторы екенін атап өткім келеді. Қазақстанда америкалық капиталдың қатысуымен 560-тан астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық кооперацияны одан әрі нығайту жолдары да бүгінгі отырыста талқылануда. Пікір алмасу жолымен біз еліміздегі саяси реформаларды, демократияландыру мен адам құқықтарын сақтауды қарастырдық және алдағы уақытта да қарастыратын боламыз, — деді Ақан Рахметуллин Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия отырысынан кейінгі брифингіде.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап америкалық әріптестермен бірге С-5+1 диалогы Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды құралы болып қала береді.

Келесі жылы біз өзара саяси және экономикалық байланыстардың осындай жоғары қарқынын жоғары деңгейде ұстап тұруға ниеттіміз. Америкалық серіктестерімізге елімізге сапарлағаны үшін, шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз, — деді Ақан Рахметуллин.