Қазақстанда өткен тәулікте 488 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа дерек Қарағанды (+74) мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (+73) көп  тіркелді. Ал Жамбыл облысында кеше бір адамнан ғана COVID-19 инфекциясы анықталды!

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 62;
Алматыда — 38;
Шымкентте – 5;
Ақмола облысында – 58;
Ақтөбе облысында — 5;
Алматы облысында — 17;
Атырау облысында — 6;
Шығыс Қазақстан облысында — 20;
Жамбыл облысында — 1;
Батыс Қазақстан облысында — 10;
Қарағанды облысында — 74;
Қостанай облысында — 38;
Қызылорда облысында — 5;
Маңғыстау облысында — 9;
Павлодар облысында — 65;
Солтүстік Қазақстан облысында — 73;
Түркістан облысында — 2.

Статистика

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 980 860-қа жетті, оның 950 318-і жазылып шықты.