Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз, – делінген президенттің жеделхатында.