Жандос Нұрмағамбетов энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, «КИМЭП Университеті» акционерлік қоғамын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары «Қызылорда ТЭК» акционерлік қоғамының бас директоры болды.

2011-2013 жылдары «Қызылорда» ӘКК» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2013 жылдан 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазірге дейін KEGOC акционерлік қоғамы Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры болды.