Денсаулық сақтау министрлігінің 13 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 21 128 адам (18 354 КВИ+ және 2 774 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 4 147 пациент, амбулаторияда 16 981 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 330 адамның жағдайы ауыр, 88 пациенттің жағдайы өте ауыр. 64 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 491 адамнан коронавирус анықталды.
