Басты бет / Жаңалықтар /
d3415f83aaac4f75c0de9b4a1f7b182e Жасаған сауданың 100% құнын қалай қайтарып алуға болады? Сбербанктің тиімді акциясы
Иллюстрация Сбербанктің баспасөз қызметінен

Жасаған сауданың 100% құнын қалай қайтарып алуға болады? Сбербанктің тиімді акциясы

Мәселе кешбэк туралы – күннен күнге танымалдылығы артып келе жатқан экономика саласындағы және тиімді сауда жасаудағы ең басты тренд жөнінде.

Мысалы, мынадай түсінік бар: үнемдесең  – үзілмес. Ақшаңыздың қандай да бір бөлігін (аз болса да) қайтарып алу мүмкіндігі туса, оны пайдаланғаныңыз абзал. Сондықтан Сбербанк Қазақстан Жаңа жыл қарсаңында клиенттері үшін 100% кешбэк акциясын өткізеді.

Ұсыныстың мәні мынадай: 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бастап 28 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) банк картасымен 3 000 теңгеден жоғары сомада сауда жасауыңыз керек.

Акцияға банктің кәмелет жасына толған, Visa картасы бар және карта бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдер жүргізген, сауда жасаған барлық клиенті қатыса алады.

Акция қорытындысы бойынша 80 жеңімпаз анықталады, олар ақшасын кешбэк түрінде қайтарып алады, келесі айда кешбэктер кәдімгі ақшаға айналғаннан кейін оларды қолдануға болады. Айта кетерлігі, қайтарып алуға болатын ең көп сома — 50 000 теңге (мысалы, егер транзакция 5 000 теңгеге жасалса, 5 000 теңге қайтарылады, егер 105 000 теңгеге жасалса, 50 000 теңге қайтарылады).

Ұтыс ойындары 15 және 29 желтоқсан күндері өтеді, жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.

Назар аударыңыз! Әлі банктің клиенті болмасаңыз, Sber KZ қолданбасында карта ашып, акцияның қатысушысы атана аласыз.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram