Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 977 мыңнан асты

Жаңа дерек Қарағанды облысында (+129) көп  тіркелді. Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда (+122) коронавирус жұқтырғандар көп.

Өңірлерде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 122;
Алматыда — 54;
Шымкентте – 4;
Ақмола облысында – 62;
Ақтөбе облысында — 2;
Алматы облысында — 19;
Атырау облысында — 15;
Шығыс Қазақстан облысында — 33;
Жамбыл облысында — 7;
Батыс Қазақстан облысында — 18;
Қарағанды облысында — 129;
Қостанай облысында — 68;
Қызылорда облысында — 7;
Маңғыстау облысында — 4;
Павлодар облысында — 78;
Солтүстік Қазақстан облысында — 77;
Түркістан облысында — 5.

Статистика

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 977 031-ге жетті, оның 944 485-і аурудан айықты.