Басты бетЖаңалықтарМинистрлік: Алматыда...

Министрлік: Алматыда алапат жер сілкінісі болуы мүмкін

Сейсмологтар Алматыда үлкен жер сілкінісі болуы мүмкін деп ылғи ескертіп отырады. Ал сарапшылардың есебіне сәйкес, қалада алапат жер сілкінісі болса адам шығыны 400 мыңға дейін барады. Қаладағы нысандардың 60% қирайды. Шығын көлемі 200 миллиард теңге болады деп отыр, — деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, Алматыда алапат жер сілкінісінің қаупі бар.

Алматыда ірі ауқымдағы жер сілкінісінің қаупі бар. Оның салдарынан тұрғындардың көбісіне қатер төнуі мүмкін. Бұл ретте өміріне қауіп төнетіндер мен жарақат алатындардың санына қатысты сарапшылар әртүрлі мәліметтерді айтып отыр. Себебі бағалау жүргізудің түрлі әдістері бар, — деді министр.

Министрдің айтуынша, бүгінде Алматыдағы барлық нысан паспортизациядан өтті. Жаңа сейсмикалық карталар да әзірленіп, тиісті органдарға берілді. Алматы әкімнің орынбасары Серік Құсайынов та осы мәліметті растады. Паспортизацияның нәтижесінде апаттық жағдайда тұрған үйлерді ысыру бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Алматыда мұндай 948 ғимаратты бұзу қажет.

Зерттеуге сәйкес, Алматыда 7-8 балдық қатты жер сілкінісі болса, барлық ғимараттың 30% қирап қалуы мүмкін. 370-385 мың адамға дейін қайтыс болуы ықтимал. Ал 10 балдық жер сілкінісінен кейін қалаға 2 триллион 479 миллиард теңгенің шығыны келеді, — деді Серік Құсайынов.