Әділбек Ниязымбетов — Қазақстан бокс құрамасының жаңа капитаны

Әділбекті капитандыққа Василий Левит ұсынды, бәріміз бірауыздан қолдадық. Капитанның басты міндеті — боксшыларды ауызбіршілігін сақтап, рухын ұстап тұру. Ниязымбетовтың қолынан бұл келеді деп ойлаймын. Себебі ол ең тәжірибелі, ең сыйлы боксшы. ОлТокионы да бағындырады, — деді Мырзағали Айтжанов.
Айта кетейік, бокс құрамасының жартысы бүгінге дейін Бүкіләлемдік бокс академиясында жалпы физикалық даярлық жиындарында болды. Жуық арада барлық спортшылар Венгрияда, Болгарияда өтетін дәстүрлі турнирлерге аттанады.
ДереккөзZakon.kz