Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов бокстағы мансабын аяқтады

Қос боксшының мансабын аяқтағаны туралы Қазақстан бокс құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов vesti.kz порталына хабарлаған.

32 жастағы Біржан Жақыпов 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үш рет Олимпиада ойындарына (2008, 2012 және 2016) қатысып, арлығының ширек финалында жеңілген. Ол 2013 жылғы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлемдік біріншілігінің қола медаль иегері, Азия чемпионатының (2010, 2014) күміс жүлдегері және бірнеше Қазақстан чемпионы титулын жеңіп алды. Алдағы күндері Біржан Шымкент қаласындағы спорт мектебінің мектеп директоры болуы мүмкін.

Ал, 30 келіге дейінге салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген 30 жастағы Берік Әбдірахманов Олимпиада-2016-ға қатысып, бірінші жекпе-жекте америкалық Карлос Балдерамасудан жеңіліп қалған еді. Ол 2013 жылы Азия чемпионы болып, Алматыдағы әлем чемпионында қола ұтып алды.

Осыған дейін бокс құрамасынан Данияр Елеусіновтың ресми түрде кәсіби боксқа ауысқанын жазған едік. Алдағы уақытта Иван Дычко да Даниярдың ізін басады деп күтілуде.

Дереккөзvesti.kz