Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Тартысты өткен кездесуде Әділбек кубалық Хулио Сезар де ла Крузден аз ғана ұпай санымен жеңілді. Әйтсе де, екінші раундта өте белсенді болған Ниязымбетовтің бірнеше ұпайын төрешілер есепке алған жоқ.

Әділбек Ниязымбетов осымен екінші рет Олимпиада ойындарының финалына шығып, екеуінде де ұтылып қалды. Әйтсе де, Әділбекті ұтылды деуге ауыз бармайды. Қазақ боксшысы жеңіс үшін аянып қалған жоқ.

Ниязымбетов екі Олимпиаданың финалында ұтылған екінші қазақ боксшысы. Бүгінге дейін Болат Жұмаділов Атланта және Сидней Олимпиадаларының финалында жеңілген еді.

Енді финалда тағы бір боксшымыз өнер көрсетеді. Ол 91 келіден жоғары салмақтағы Иван Дычко. Ал қалған боксшыларымыз ширек финал мен жартылай финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Бұған дейін 69 келі салмақта бокстасқан Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпион атанған еді.