Қырғызстан барлық туристер үшін ПТР-тест енгізді

Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлады.

Қырғызстанның министрлер кабинеті мұндай шешімді омикрон-штамның таралуына жол бермеу үшін қабылдады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, шетелдіктер мен қырғызстандықтар республикаға кіру үшін міндетті түрде вакциналау мәртебесіне қарамастан, келу алдында коронавирусқа теріс ПТР-тест тапсыруы керек және өзімен бірге болуы қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа штамымен жұқтыру ошақтары анықталған елдердегі эпидемиологиялық жағдайды олардың тізімін ҰҚК Шекара қызметіне беру мақсатында қадағалайтын болады. Мұндай мемлекеттердің азаматтарына Қырғызстан аумағына кіруге тыйым салынады.