Коронавирус пен пневмониядан тағы 11 қазақстандық қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 1 желтоқсандағы мәліметі бойынша, 25 694 адам (–22 206+ және 3 488 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 5 395 науқас, амбулаторияда 20 299 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 366 адамның жағдайы ауыр, 111 науқастың жағдайы өте ауыр. 69 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Статистика

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 751 адамнан коронавирус анықталды.