Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды. Содан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды. Президенттер Швейцарияның туына құрмет көрсетіп, Құрмет қарауылын бойлай өтті.

KZ3 4875 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ3 4975 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізді.

Өзара сенім жағдайында өткен кездесуде мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы салаларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын жан-жақты талқылады.

KZ3 4891 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ4 2535 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

Бұдан бөлек екі ел басшылары Бреттон-Вуд институттары, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты қарастырып, аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай мен осы елге гуманитарлық көмек көрсету мәселесін сөз етті.

Сонымен бірге пандемияға және климаттың өзгеруіне қарсы күреске, Орталық Азиядағы су дипломатиясына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ги Пармелан саяси және экономикалық байланыстардың оң қарқынын атап өтіп, екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді. Мемлекет басшысы Швейцариямен жан-жақты қатынастарды дамытуға баса мән беретінін және осы елді Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси әрі экономикалық әріптесі санайтынын айтты.

KZ4 2630 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ4 2469 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланға Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар жөнінде айтты. Екі ел басшылары ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, фармацевтикалық өнеркәсіп және «жасыл» жобалар саларындағы бірлескен жұмыстарды атқару үшін мемлекеттеріміздің әлеуеті зор екенін айтты.

KZ3 4970 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ3 5024 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ1 8157.jpg 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ4 2515 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара мойындау жөніндегі келісім;

2. 1994 жылғы 12 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасында қол қойылған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім хаттамасы (Сауда қызметтерін ішкі реттеу қағидалары);

3. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Stadler CIS AG» компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім.

KZ1 8200.jpg 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ1 8284.jpg 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ1 8453.jpg 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

KZ1 8482.jpg 2 Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентімен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да