Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылатынын айтты. Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр. Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.
Елімізде өндірілетін бірнеше материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді, — деді Бейбіт Атамқұлов «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбатында.
Алайда, ведомство басшысының айтуынша, өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100% қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.
Министрдің болжамы бойынша, тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.
Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр, — деді Бейбіт Атамқұлов.
