17 782. Қазақстандағы COVID-19 пен пневмониядан қайтыс болғандар саны

25 қарашадағы дерек бойынша коронавирустан 16, пневмониядан бір адам өлді.

27 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 183 адам коронавирус инфекциясынан (–23 487+ және 3 696 КВИ-), оның ішінде 5 691 пациент стационарда, 21 492 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:

  • 413 адамның жағдайы ауыр;
  • 130 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 90 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда кеше коронавирус инфекциясын 905 адам жұқтырды. Ең көп науқас Солтүстік Қазақстан облысында анықталды.