Сбербанк мерейтойға орай бес ай бойы әр екі апта сайын банк клиенттерінің арасында жүлделі ұтыс ойынын өткізіп отырған болатын. Акцияға 1800 теңгеден жоғары тауардың немесе қызметтің ақысын Сбербанктің VISA картасы бойынша Sber KZ мобильді қосымшасында, интернетте немесе POS-терминалдар арқылы төлеген барлық клиент қатысты.
Акция аясында барлығы 150 адам жеңімпаз атанды. Жүлде ретінде MacBook, Apple Watch, iPhone, Samsung техникасы, Okko онлайн-кинотеатрының премиум-пакеті, сондай-ақ СберЗвук стримингтік сервисіне жазылым, фитнес-клубтарға сертификаттар және тағы басқа сыйлықтар табысталды. Ал басты және көпшіліктің қалауындағы жүлде – соңғы үлгідегі Toyota Land Cruiser 300 көлігі Сбербанктің туған күнінде тікелей эфирде кездейсоқ сандар генерациясы арқылы ойнатылды. Нәтижесінде ол Алматы қаласының тұрғыны Пак Дианаға бұйырды.
Пак Диана 23 жаста, университетте білім алады, қазіргі таңда заң саласы бойынша магистрлік жоба дайындау үстінде. Диана банк қызметін белсенді түрде қолданады, Sber KZ мобильді қосымшасында аударымдар жүргізіп, әртүрлі онлайн және офлайн-сауда жасайды. Осындай кезекті транзакциялардың бірі Дианаға жеңіс сыйлады. Жеңімпаз атанғанын білген ол таңқалғаннан жеңісіне сене алмаған, қуанышты жаңалықты бірінші болып ата-анасымен бөліскен.
«Сбербанктен қоңырау шалған кезде ұшақта болатынмын, жерге енді қонған едік. Ұйымдастырушылардың маған айтқандай, бұл соңғы шешуші қоңырау болыпты, жауап бермегенімде, басқа жеңімпаз таңдалатын еді. Жолым болды, бағым жанды. Еліміздегі барлық тұрғынға әр күніңізге қуана біліңіздер деп айтқым келеді, ризашылықпен өмір сүрсеңіз, өміріңізге тек жақсылықты әкелесіз» — деді Диана Пак.
Жеңімпаз қыздың жүргізуші куәлігі бар, алайда ол көлікті әкесіне сыйлап, ата-анасының көптен бергі арманын орындады.