Елімізде қанша бала коронавирусқа қарсы вакцина салғызды?

Министр Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келгенін айтты.

Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер, — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі.

Ол сонымен бірге халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатқанын да айтты.

Қазіргі таңда 1-компонентті 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы халық санының 42,2%-і вакцинаның екі дозасын салғызды, — деді министр.