Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Нұр-Сұлтанда мемлекетке 900 миллион теңге шығын келтірген ЖШС директоры сотталды

Фото: Еgov.kz

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Cұлтан бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша «АйДи Строй 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында Д.Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан түрлі компаниялармен жалған мәміле ресімдегені анықталды. Соның салдарынан мемлекетке төленбеген салық түрінде 900 миллион теңгеден астам залал келтірген, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, сот үкімімен астаналық әйел 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.