Қазақстан азаматтары Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанға 379 мың доза Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгенін еске салды.

Оның айтуынша, екінші партияны 20 қарашаға дейін жеткізу жоспарланған.

Республиканың жеті өңірінде вакцинация басталған. Бұл – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары.

ВАК тапсырмасына сәйкес, Қазақстан халқын вакциналау үшін Comirnaty (Pfizer) вакцинасын коммерциялық нарықта сату мүмкіндігі туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Өз қалауымен, ақылы түрде алғысы келетіндерге. Қолдауыңызды сұраймын, — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин министр мен ведомствоаралық комиссия ұсынысын қолдады.

Мен коммерциялық сегментке вакцина жеткізу мүмкіндігі туралы ұсынысты қолдаймын, осылайша тілек білдірушілер өздеріне қажетті вакцинаны ақылы түрде ала алады, — деді Асқар Мамин.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да