Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматы облысында пандемия жағдайы қандай?

Соның ішінде Талғар ауданында – 18, Панфилов ауданында – 11, Алакөл ауданында – 10, Талдықорған қаласында – 9, Ұйғыр ауданында – 8, Қаратал ауданында – 7, Ескелді ауданында – 6, Қарасай ауданында – 5, Текелі қаласында – 3, Ақсу, Еңбекшіқазақ және Көксу аудандарында 2 жағдайдан, Кербұлақ, Райымбек және Кеген аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Сонымен брге өткен тәулікте 157 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

01.11.2021 жылғы жағдай бойынша өңірде 1139 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 45 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны — 2105. Төсек-орын жүктемесі – 54,1 %.

Кейінгі 3 күнде 6733 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 811 571. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 846. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 733 405. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 714.

Құрметті жетісулықтар!

Вакцина коронавирус жұқтырған жағдайда, дерттің асқынып кетуінен қорғайды. Нәтижесінде адамдарға ауруханаға жатудың қажеті шамалы болады. Және екпе алғанда, өлімге әкелетін қайғылы жағдайларды айтпағанның өзінде, коронавирустың ол адамдардың өкпесіне түсіп кетуінен сақтайды.

Екпе – ағзаның қорғаныс қабілетін нығайтады!

Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды қауіпті індеттен сақтау үшін өте маңызды!

Мақалаға реакция